Текст
27.11.2025
27 қараша күні Шуйский ауылының ЖББ мектебінде гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы «16 күндік белсенді әрекеттер» халықаралық науқаны аясында іс-шара өтті. Оқушыларға «Цифрлық зорлық туралы оқиғалар» бейнематериалы көрсетіліп, кейін талқылау ұйымдастырылды. Балалар цифрлық зорлық-зомбылықтың мысалдарымен танысып, онлайн кеңістікте өзін қалай қорғау керектігі туралы ой бөлісті.


