Текст
Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Жеке қауіпсіздік» сабағы аясында оқушыларға «Улы газ» және «Жұқа мұз айдыны» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың улы газдың (угарный газ) қауіптілігі туралы түсініктерін қалыптастыру, сондай-ақ күзгі және қысқы мезгілдерде мұз үстіндегі мінез-құлық ережелері мен қауіпсіздік шараларын үйрету болды.
Бейнероликтерді тамашалағаннан кейін оқушылар белсенді түрде талқылауға қатысып, өмірден мысалдар келтірді және тұрмыста да, көшеде де жеке қауіпсіздік ережелерін сақтау маңыздылығын түсінді.
