Текст
12 қараша күні «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясындағы іс-шаралар жоспарына сәйкес Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінің 7 және 8-сынып оқушылары «Таза қол — таза ар» тақырыбында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша ақпараттық буклеттер дайындады.
Оқушылар өз жұмыстарында әрбір азаматтың адалдық, әділдік және жауапкершілік қасиеттерінің маңыздылығын көрсетті.
Буклет дайындау процесі мектеп оқушыларының сыбайлас жемқорлық көріністеріне теріс көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдағы жеке адалдықтың маңызын түсінуге ықпал етті.
