25.11.2025
«Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында 9-сынып оқушылары үшін ауылдың дәрігерлік амбулаториясына және ауыл әкімдігін е экскурсия ұйымдастырылды. Шараның мақсаты — оқушылардың түрлі мамандықтарға қызығушылығын қалыптастыру, еңбектің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейту, сондай-ақ еңбекке адал әрі жауапкершілікпен қарау идеясын насихаттау.
Оқушылар медицина қызметкерлерінің жұмысымен танысып, пациенттерді қабылдау қалай өтетінін көрді, профилактиканың маңызы және медицинаның қоғам өміріндегі рөлі туралы мәлімет алды. Әкімдікте оқушыларға басшылар мен мамандардың жұмысы, ауылды дамыту мен тұрғындардың жайлылығын қамтамасыз етуге бағытталған шешімдердің қалай қабылданатыны түсіндірілді.
Экскурсия оқушыларға түрлі кәсіби салалардың маңыздылығын түсінуге және болашақтағы өз кәсіби таңдауына ой жүгіртуге мүмкіндік берді.
#АдалАзамат

