"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

2023 жылғы мемлекеттік қызметтер туралы есеп •

1. Жалпы ережелер

         1)Көрсетілетін қызметті берушілер туралы мәліметтер:  «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім  бөлімі Шуйский ауылының  жалпы орта білім беретін мектебі» КММ. Заңды   мекен-жайы Шуйское  ауылы, Набережная көшесі, 34.

         2) Мемлекеттік  көрсетілетін қызметтер туралы мәліметтер:

        «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де білім беру саласында 4 мемлекеттік қызмет көрсетіледі.

        2023 жылы«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ 51 қызмет көрсетті;

        - «Азаматтарға арналған  үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы

көрсетілген -7 қызмет;

        - электрондық нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер -20 қызмет;

        - қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 24 қызмет.

Білім беру саласындағы барлық мемлекеттік қызметтер тегін көрсетіледі.

        2022 жылы 30 қызмет көрсетілді:

        - «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетілген -2 қызмет;

        - электронды қнұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 20 қызмет;

        - қағаз нұсқада көрсетілген мемлекеттік қызметтер - 8 қызмет.

         3) Ең танымал мемлекеттік қызметтер туралы ақпарат: Білім беру саласында ең сұранысқа ие мемлекеттік  қызметтер:

         «Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін бағдарламалары бойынша оқыту үшін ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға  қабылдау»;

 «Негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды  қабылдау».

"Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарына денсаулығына байланысты ұзақ уақыт бойы бара алмайтын балаларды үйде жеке тегін оқытуды ұйымдастыру үшін   құжаттар қабылдау"

          "Негізгі орта, жалпы орта білім туралы құжаттардың телнұсқаларын беру".

         2. Көрсетілетін қызмет алушылармен жұмыс: 

1) Мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратқа қолжеткізу көздері мен орындары туралы мәліметтер.

        Көрсетілетін қызметті алушыларға арналған барлық қажетті   ақпарат «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-нің http://atbasar. mektep.akmoia.kz/  ресми интернет ресурсында орналастырылған.  «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде мемлекеттік қызметтерді көрсету қағидалары орналастырылған.  Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс  істейді.

         3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету процестерін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар.  

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру нәтижелері.

          Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында аудандағы барлық мектепке дейінгі, орта білім беру ұйымдары Akmola.kz   бірыңғай ақпараттық  жүйеде жұмыс істейді. Бұл жүйеде 4 автоматтандырылған мемлекеттік қызмет іске асырылады.

Сонымен қатар 2020 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ҚР БҒМ МОА ЖО жүйесі жұмыс істейді, онда 20 мемлекеттік қызмет қолжетімді.

           4. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бақылау.

         1) Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті алушылардың шағымдары туралы ақпарат.

        2023 жылы мемлекеттік қызмет көрсету туралы шағымдар түскен жоқ.

 5. Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына қанағаттанушылығын арттыру және одан әрі тиімділік перспективалары.

        2024 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының  Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі  Шуйский  ауылының жалпы  орта білім беретін мектебі» КММ жеке және заңды тұлғаларды қолжетімді және сапалы мемлекеттік қызметтер мен қамтамасыз ету бойынша жұмыстарын жалғастырады.


Әлі пікірлер




Добавить комментарий



Включить данные в подпись
Жаңартылған күні: 29.02.2024 20:39
Құрылған күні: 01.03.2024 11:36

Текст