27 қаңтар күні Шуйский ауылының ЖББ мектебінде тәрбие жұмысының жоспары аясында полиция майоры Б .А. Утеуов мектеп оқушыларымен "Жауапкершілік және оны жүзеге асыру нысандары. Кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі" тақырыбында алдын алу және түсіндіру әңгімелесуін өткізді.
Бағдат Алпысбайұлы ұрлық, тонау, бопсалау, дене жарақаты сияқты қылмыстар жасағаны үшін қандай жауапкершілік қолданылатыны туралы айтты. Оқушыларға қылмыстық жауапкершілік қай жылдан басталатыны түсіндірілді. Көшеде, қоғамдық орындарда, көпшілік демалатын орындарда жүріс-тұрыс ережелерін сақтауға және кәмелетке толмағандардың кеш уақытта көшеде болу ережелері туралы ұмытпауға кеңес берді. Сондай-ақ, ол оқушыларға алкоголь мен темекіні тұтынудың зияны туралы еске салып, осы тәуелділіктің қауіпті екенін түсіндірді.