"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Әкімдігінің грантты

Ақмола облысы әкімдігінің гранттына қабылдау 6 тамызда басталды 
Ақмола облысында 2024-2025 оқу жылына жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 195 грант мөлшерінде мемлекеттік білім беру тапсырысы қалыптастырылды, оның ішінде: педагогикалық мамандықтарға - 100 грант (бакалавриат); жылу энергетикасына -10 грант (бакалавриат); медициналық мамандықтарға - 50 грант (бакалавриат) және 35 грант (резидентура).
Биыл бірінші рет «Жылу энергетика» мамандығына гранттар бөлінді.
Жаңа оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы конкурстық негізде келесі жоғары оқу орындарында орналастырылған:
• «Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - педагогикалық ғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, денсаулық сақтау
• «Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» мекемесі - педагогикалық ғылымдар
• «А.Байтұрсынов атындағы Қостанай өңірлік университеті» коммерциялық емес акционерлік қо ғамы - педагогикалық ғылымдар, 
• «Қазақстан-Ресей медицина университеті» MEEBM - денсаулық сақтау
• «Астана медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - Денсаулық сақтау
• «Семей медицина университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы - Денсаулық сақтау
• «Қоғамдық денсаулық сақтау жоғары мектебі» Қазақстандық медицина университеті –денсаулық сақтау
• «Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы –жылу энергетикасы
• «Торайғыров университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы-жылу энергетикасы
Талапкерлерден «бакалавриат» бойынша ЖАО грантына өтуге университеттерде өтініштерді (офлайн) қабылдау 2024 жылдың 14-тамызында аяқталады. Барлық орындар саны туралы университеттердің қабылдау комиссиясынан анықтауға болады. 
ЖАО білім беру грантын беру ҰБТ сертификатының балдары мен арнайы емтихан нәтижесін ескере отырып, конкурстық негізде жүзеге асырылатын болады.
Анықтама телефондары: 8 (7162) 903107, 8 (7162) 722638 (медициналық мамандықтар).
Жаңартылған күні: 07.08.2024 22:40
Құрылған күні: 07.08.2024 22:40

Текст