Текст
Мектептегі білім берудің мақсаттарының бірі - оқушыларға кәсіби бағдар беру, өз бетінше өмір жолын таңдауға және кәсіби қызметін бастай алуға дайындық.
Әрине, кәсіби бағдар аясында балаларға жеке ерекшеліктерін, танымдық процестерінің өзгешеліктерін ескере отырып, өздерін, өз мүмкіндіктерін білуге көмектесу маңызды. Осыған байланысты 16 мамырда 9 сынып оқушыларына арналған Красный Яр ауылының көпсалалы инновациялық колледжінің өкілдерімен кездесу ұйымдастырылды.