Текст
04.12.2025
Шуйский ауылының ЖББ мектебінің аумағында республикалық экологиялық «Таза Қазақстан» акциясы аясында сенбілік өткізілді. Іс-шараға мұғалімдер мен мектеп қызметкерлері қатысып, бірлесе отырып аумақты ретке келтірді.
Қатысушылар мектеп ауласын сыпырып, қоқыстарды жинады, сондай-ақ көктемде отырғызылған көшеттерді өсіп-жетілуін қамтамасыз ету және зақымданудан қорғау мақсатында оларды байлап шықты. Жанындағы учаскелер де тазартылып, тәртіпке келтірілді.
Жалпы атқарылған жұмыстардың арқасында мектеп аумағы бұрынғыдан да таза, ұқыпты және жасыл кейіпке енді.
#ТазаҚазақстан
#Экология
#Тазалық
#ТазаҚала
#ТазаАуыл
