Текст
03.12.2025
10–11 сынып оқушылары «Qarjy saqshysy – Қаржы сақшысы» атты қаржылық қауіпсіздікке арналған оқу ойынына қатысты.
Ойынның мақсаты — барлық деңгейлерден өтіп, дұрыс шешім қабылдап, сын тұрғысынан ойлай алатын, қаржылық тәуекелдерді түсінетін және алаяқтардың айла-амалдарына алданбайтын нағыз қаржы қорғаушысына айналу.
Қатысушылар ақшаны қауіпсіз пайдалану, алаяқтық схемаларды тану және жауапты қаржылық шешімдер қабылдау туралы құнды білім алды.
Ойын тартымды әрі интерактивті түрде өтіп, оқушылардың маңызды дағдыларды меңгеруіне және оларды тәжірибеде қолдануына мүмкіндік берді.

