Текст
18.11.2025
Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігі аясында Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Шебер қолдар – өнерлі ұрпақ» атты көрме ұйымдастырылды. Көрме қазақ халқының ұлттық қолөнеріне арналды. Іс-шараға 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі оқушылар қатысып, өз қолдарымен жасаған бұйымдарын, ұлттық өнерге деген қызығушылықтарымен таныстырды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға ұлттық мәдениеті мен өнердің құндылығын ұғындыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту, әсемдікке, ұқыптылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу. Сонымен қатар, іс-шара жас ұрпақтың ұлттық дәстүрлерге деген құрметін арттырып, өз халқының мәдени мұрасына мақтаныш сезімін қалыптастыруға бағытталды.

