Текст
12.11.2025
Дүниежүзілік жол-көлік оқиғалары құрбандарын еске алу күніне орай ұйымдастырылған «Жол қозғалысы қауіпсіздігі апталығы» республикалық акциясы аясында Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінің 4-сыныбында «Бағдаршам және оның достары» тақырыбында мультфильм көрсетіліп, талқылау өткізілді.
Оқушылар жолда қауіпсіз жүру ережелерін еске түсіріп, жаяу жүргіншілер өткеліндегі жағдайларды талқылады және бағдаршам белгілерінің мағынасын түсіндірді.
Іс-шара оқушылардың жол қозғалысы ережелері жөніндегі білімдерін бекітіп, жолда мұқияттылық пен жауапкершіліктің маңыздылығын ұғынуға мүмкіндік берді.
