Текст
31 мамырда Атбасар қаласының аудандық мәдениет үйінде Атбасар ауданының прокуроры Б.Е.Слямовтың төрағалығымен "Қауіпсіз жаз - 2024" атты ата - аналар қоғамымен семинар-кеңес өтті. Жазғы кезеңде балалардың қауіпсіздігі мәселелері бойынша прокуратура, Білім бөлімі, полиция бөлімі, ауданаралық көпсалалы аурухана, төтенше жағдайлар бөлімі, Атбасар электрмен жабдықтау дистанциясы, жол қызметі, санитарлық - эпидемиологиялық қадағалау қызметкерлері сөз сөйледі. Семинар-кеңеске Шуйский ауылының ЖББ мектебінің мұғалімдері мен ата-аналары қатысты.