24 желтоқсан күні Шуйскі орта мектебінде Қазақ тілі онкүндігі аясында 5 сыныпта "Тәуелсіз Қазақстан" тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақты қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Қуандық Санатұлы өткізді.
Сабақ әдістемелік түрде дұрыс құрылған, сабақтың барлық кезеңдері сақталған, өзара байланысты, бір кезеңнен екіншісіне өту проблемалық байламдардың көмегімен жүзеге асырылды. Балаларды сабақтың жаңа тақырыбына және мақсатына баптау ретінде "Қазақстаным" әні шырқалды. Сабақта әр түрлі қызмет түрлері қолданылды: топта және жұппен жұмыс, жеке жұмыс, берілген тақырыпқа ауызша презентация жасау , кроссворд шешу, кластер құру,досына хат жазу. Сергіту сәтінде оқушылар "Мен қазақпын"әнін тамаша орындады. Сонымен қатар, сабақ барысында сөйлеу әрекетінің барлық түрлері байқалды: тыңдалым, диалог пен сөйлемдер құру, жаңа сөздер мен досына хат жазу, аудиожазбаларды тыңдау. Мұғалім АКТ, карточкалар мен суреттерді белсенді және тиімді қолдана білді. Жалпы айтқанда, сабақ қойылған мақсатқа сәйкес, оқушылар оқу барысында белсенді жұмыс істеді және барлық жаттығулар мен тапсырмаларды дұрыс орындады. Осындай сабақ балалардың шығармашылық әлеуетін арттырып, ой-өрісін кеңейтіп қана қоймай, тілдік білімдерін кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сабақтың тағы бір маңызды міндеті жүзеге асырылды - өскелең ұрпақты өз Отанын, халқын ыстық сүюге, өз отбасына, қаласына, Отанына деген сүйіспеншілік сезімдерін қалыптастыруға үйрету.
Ашық сабаққа қатысқан әріптестер мұғалім мен оқушылардың жұмысын жоғары бағалап, сабақтың қызықты әрі мазмұнды болғанын атап өтті.
Қазақ тілі мұғалімі Жамбаева А.О.