"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Балғын шақ» балалар мерекесі

03.12.2019
 «Балғын шақ» балалар мерекесі
 
13 қарашада Атбасар қаласының №1 «Қарлығаш» балабақшасында мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін балалардың арасындағы «Балғын шақ» байқауына  біздің мектеп жанындағы шағын орталығының тәрбиеленушісі  Шадрина Кира қатысты. Ол  бұл байқауда 2 орынды жеңіп алды. Байқаудың басты мақсаты қазақ тілді жетік меңгерген және тілді меңгеруге деген қызығушылықты танытқан балаларды анықтап, қолдау.  Байқауға  аудандық  мектепке дейінгі мекемелерде тәрбиеленетін балалар, кез келген ұлт өкілдерінің бүлдіршіндері , жалпы 23 бала қатысты. Байқаудың қатысушыларының жұмысын бағалау және жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылды.
Қазақ ұлттық киімінде төртінші нөмірде болған Кира өнер көрсетті. Байқаудың бірінші «Мен – бақытты баламын» тапсырмасы бойынша презентация арқылы Кира өзінің шағын орталығы, отбасы және туған ауылы туралы әңгімеледі. Екінші кезеңде «Қазақ елі»  өлеңін мәнерлеп  жатқа оқыды. Бұл кезде Кираның  қазақ тілінде тамаша сөйлей алатыны,тіл тазалығы,  сонымен қатар басқалардан гөрі  мәтін және оқыған өлеңі көлемі  жағынан үлкен болғаны байқалды.  Шығармашылық байқау кезеңінде әдемі, сондай нәзік қазақ ұлттық биін билеп,  көрермендерді тағы бір қуантты. Қазылар алқасы Кираның өнерін лайықты бағалап, екінші орынды байлады, мақтау қағазымен  марапаттады және бүлдіршінге тәтті сыйлықтар берілді.  Дайындыққа ат салысқан  тәрбиеші Адакаева Н.В. және көп көмек көрсетіп қолдаған Кираның анасы Шадрина Наталья. Сіздерге үлкен рахмет. Байқауға дайындаған қазақ тілі мұғалімі Жамбаева А.О.  
Жарайсың, Кира! Құттықтаймыз, қазақ тілін жетік меңгеріп, осындай сайыстарда үлкен жетістіктерге жете бер дейміз!
 
Просмотров: 455


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст