Текст
21 ақпанда Азаматтық қорғаныс айлығының іс-шаралар жоспары аясында біздің мектепте "Жас Ұлан" белсенділері вожатый А. А. Вербоваяның жетекшілігімен "Абайлаңыз, жол!" , "Құтқарушылар сізге әрдайым көмекке келеді!" акциясын өткізді.
Акцияның мақсаты - оқушылар арасында балалардың жолда жүру ережелері, өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайлар туындаған кездегі іс-әрекеті бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу.
Акция барысында оқушылар арасында 30 парақша және 15 жадынама таратылды. Үгіт материалдары балаларға, жасөспірімдерге, ата-аналарға арналған болды.