«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-нің 2021 жылғы мемлекеттік қызме көрсету мәселелері бойынша қызметінің
есебі
«Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі»коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырады.
Білім беру саласында мемлекеттік қызметтің 6 түрі көрсетіледі. Әрбір қызметке мемлекеттік қызмет көрсету ережесі бекітілген, онда қызмет көрсету тәртібі, мерзімдері, тәсілдері және құжаттар тізбесі жазылған. Барлық қызметтер тегін көрсетіледі.
2021 жылы «Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебі» КММ-мен барлығы 44 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 2, электрондық үкімет арқылы – 16, электрондық нұсқада - 14, қағаз нұсқада – 12.
2020 жылы барлығы 37 қызмет көрсетілді, оның ішінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы - 4, электрондық нұсқада - 23, қағаз нұсқада - 10.
Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер:
Сонымен қатар мектепте ақпараттық стендтерде мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен ережелері орналастырылған. Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрышы жұмыс істейді.
2021 жылы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет алушылардан шағымдар түскен жоқ.