Балалардың сөздік қорын молайтуға арналған ойындар.
Адамзаттың тарихи дамуының барлық кезеңдерінде сөздік қоры мол адамдар бағаланып, таңдануға лайық болған. Сөздіктің кедейлігі толық қарым-қатынасқа, демек, баланың жалпы дамуына кедергі келтіреді. Ал, керісінше, сөздік қорының молдығы сөйлеу тілінің жақсы дамығандығының белгісі және ақыл-ой дамуының жоғары көрсеткіші.
Қазіргі кезеңде зерттеушілер балалық шақтың білім жинақтауында, сөздік қорын қалыптастырудағы орасан зор рөлін дәлелдеді. Балалардың сөздік қоры психологияда дәлелденген қоршаған шындықты, объективті дүниені білудің арқасында қалыптасады.
Мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамытуда дидактикалық ойынды пайдалану сөйлеу белсенділігі мен мәдениетін арттырып қана қоймай, сөздік қорын байытады.
Логопед Рыстаева Р.Ю.