Текст
Жоспарға сәйкес 9 сынып оқушыларымен "Өзіңді таны" атты тренинг сабағы өткізілді.
Мақсаты:
- Өзіне және басқаларға оң көзқарас қалыптастыру, өзін-өзі тану.
Өзін-өзі тану мәселесі барлық уақытта өзекті болып қала береді. Адам неге өзін-өзі тануы керек? деген сұрақ туындайды. Өзін-өзі танумен айналысатын адам өзінің жеке басының мықты және әлсіз жақтарын білуге, өз өмірінің мәнін түсінуге және оның нақты өзі үшін идеалды деп санайтын өмірге сәйкес келетіндігін түсінуге мүмкіндік алады. Өзіне әртүрлі сұрақтар қоятын, өзін-өзі тануға тырысатын адам ерте ме, кеш пе, өзінің тағдыры мен қоғамдағы орнын табады, бұл адамның бақытты болуына ықпал етеді.