Текст
20 қаңтарда "МИФ" апталығы аясында информатика мұғалімі Зарынбеков А.Б. тәлімгері Н.Н.Волковамен бірігіп сыныптан тыс іс-шара өткізді. Алтыншы сынып оқушылары "Бір санына жүз" деген қызықты және танымдық ойынның қатысушысы болды. Оқушылар екі "Умники" және "Умницы" атты командаға бөлініп,информатика бойынша өз білімдерін көрсете білді. Қиын күресте "Умницы" командасы жеңіске жетті