Қолдың ұсақ моторикасын дамыту бойынша дидактикалық ойындар
Д\о «Золушка» немесе «Мұқият бол»
Мақсаты: Балаларға қатысты әрекеттерді орындауға, заттарды түсі, өлшемі, құрылымы бойынша сұрыптауға үйрету.
Құрал-жабдықтар: сұрыптауға арналған ыдыстар, материалдары – түймелер, моншақтар, қақпақтар, бұршақтар, чиптер немесе мозаика.
Д\о "Нысанаға тигізу"
Мақсаты: Көз мөлшерін, зейінді дамыту, шотты бекіту.
Құрал-жабдықтар: Түрлі түсті түймелер( немесе қақпақтар), контейнер.
Д\о «Қақпаға гол кіргіз»
Мақсаты: Тыныс алу аппаратын, қолдың ұсақ моторикасын, көз мөлшерін дамыту.
Құрал-жабдықтар: Шартты қақпалар, түймелер - басу үшін немесе коктейль түтігі және майлықтың бір бөлігі-үрлеу үшін.
Д\о «Көңілді қарындаштар» жаттығуы
Мақсаты: қолдың қозғалысын үйлестіруді жақсарту, саусақтардың қозғалғыштығын , ұсақ моториканы дамыту.
Құрал-жабдықтар: түрлі-түсті қарындаштар, киндер, көздер.
Жаттағу барысы: Бала қарындашты екі алақаны немесе саусақтарынын арасында домалатып , келесі сөздерді айтады : «Қарындашты алақанымда домалатамын, саусақтарымен айналдырамын».
Ұсақ моториканы дамыту бойынша жүйелі, мақсатты жұмыс баланың психофизиологиялық саласындағы әртүрлі кемшіліктер мен ауытқуларды жеңуге көмектеседі. Есте сақтау қабілеті едәуір артады, назары тұрақты болады; оның концентрациясы жоғарылайды, шығармашылық қиялы белсенді дамиды, гипер қозғыштығы төмендейді, қолдың бұлшықет әлсіздігі жоғалады .
Логопед – мұғалім Рыстаева Р.Ю.