Текст
Кәсіптік бағдар беру жұмысы бойынша жоспарға сәйкес 9 сынып оқушыларымен 3 турдан тұратын "Мамандық білгірлер клубының" турнирі өткізілді:
1тур. Сергіту сәті.
2 тур. Эрудицияға арналған тапсырмалар.
3 тур. Шығармашылық байқау.
Оқушылар командаларға бөлінді, команда капитандары ұпайларды есептейтін болды. Ойын қорытындысы бойынша командалар бірдей ұпай жинады.
Сонымен бірге оқушылар мен олардың ата-аналарына "Маңызды шешімнің жеті қадамы" деген жадынамалар мен ұсынымдар әзірленіп, табыс етілді.
Мақсаты: Өзін-өзі тану шекарасын кеңейту және кәсіптер әлемі мен олардың ерекшеліктері туралы ақпарат алу арқылы оқушылардың мамандық таңдауға деген жауапты көзқарасын қалыптастыруды бастау.
Педагог-психолог А. А. Гаас