Текст
Өскелең ұрпақ арасында парасаттылық мәдениетін қалыптастыру шеңберінде 11 қарашада халық арасында өзінің көпқырлы таланты үшін "Сәкен сері" болып аталған, танымал қазақ жазушысы, драматург, мемлекеттік сыйлығының лауреаты Сәкен Жүнісовтың еңбектеріне арналған кезекті "Парасаттылық сағаты" өткізілді.
Акцияның негізгі мақсаты жас ұрпаққа белгілі ұлы тұлғалардың еңбектері арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды дарыту болып табылады.