Ағымдағы жылдың 20 қыркүйегі мен 1 қазан аралығында Мен IQanat білім беру қорының High School of Burabay-да өткен IQ Intensive Program бағдарламасының қатысушысы ретінде оқу лагеріне бардым.
Бұл мектептің ерекше екенін бірден атап өткім келеді. Мұнда барлығы, оқыту жүйесі, тұру және қоғамдық іс-шаралар оқушылардың мүдделерін, олардың дамуы мен іске асырылуын ескере отырып өткізіледі.
Оқу процесі осы мектептің оқушыларымен бірге өткізілетін етіп құрылды. Бұл бізге осы мектептің оқу атмосферасына еніп, оңай бейімделуге мүмкіндік берді . Мектеп қарапайым жалпы білім беретін мектептерден өте ерекшеленеді. Біздің оқыту бағдарламамыз оқушылардың мықты жақтарын ашуға, бейіндік пәндерге баса назар аударуға, ЖОО-ға түсуге, ағылшын тіліне және оқуға деген ынтасын арттыруға бағытталған. Сабақтан кейін интенсив кәсіптік бағдарлау Reading club курстары өткізілді: ЖОО-ны қалай дұрыс таңдау , дайындық кезінде неге назар аудару , уәждемелік хатты қалай дұрыс жазу керек. Сонымен қатар, біз қызығушылық клубтардың жұмысына қатыстық, мысалы, "Стратег" клубында біз компьютерлік ойындар арқылы Дүниежүзілік тарих тақырыптарын өттік, сабақтар қызықты және пайдалы болды. Маған мұғалімдер және олардың оқушылармен жұмысы, оқыту әдістері, материалды ұсынуы ұнады. Мұнда ағылшын тілін үйренуге көп уақыт бөлінеді. Командада жұмыс істеуге үйретеді, әр апта сайын жалпы дамуға арналған дәрістер өткізілді. Маған әсіресе осындағы адамдар ұнады: мұғалімдер, мектеп оқушылары және осы бағдарламаның қатысушылары. Олардың ашықтығы, білімділігі, әрдайым көмектесуге және қолдауға дайындығы.
Бұл көптеген балалар ұмтылатын ең жақсы және ерекше мектеп. Мен осы бағдарламаның қатысушысы болғаныма қуаныштымын. Екі апталық оқу, тұру және тамақтану қордың есебінен болды. Осы қордың қамқоршыларына, ауыл мектептерінің оқушыларын қолдау үшін үлкен және қажетті жұмыс жасайтын адамдарға үлкен рахмет. Мұнда мен жаңа білім, оқуға деген жоғары мотивация алдым , көптеген жақсы және жағымды әсерлер мен эмоцияларға бөлендім. Сонымен қатар көптеген балалармен танысып, дос болдық . Осы мектептен кеткім келмеді.
Ауыл мектептерінің оқушыларына айтарым, IQanat қорының олимпиадаларына міндетті түрде қатысатын болыңдар, жеңіс сендерге осы мектепке түсуге мүмкіндік береді. Ал бұл грант алуға және ЖОО-ға түсуге үлкен мүмкіндіктер мен кепілдік.
Шуйское ауылының ЖМ 11 сынып оқушысы Ашкенов Әділ