Шуйский орта мектебінде 2021 жылғы15-19 ақпан
аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті апталығын өткізу туралы
есеп
Шуйский орта мектебінде аудандық білім бөлімінің жоспарына сәйкес 15-19 ақпан аралығында Қазақ тілі мен әдебиеті апталығы өткізілді. Апталықтың ашылуына орай «Мектеп қиылысы» тақырыптық стенд рәсімделді, сондай-ақ қазақ тілі мұғалімі Сыздыкова Зарина Курмангалиевна 5 сынып оқушыларымен Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығы бойынша Қазақ тілі туралы әдеби оқу дайындап өткізді. Зарина Курмангалиевнаның жетекшілігімен Ыбырай Алтынсариннің «Әке мен бала» әңгімесі сахналанды. Әр оқушы өз рөліне деген жауапкершілігін көрсетіп, рөлін өте жақсы орындады. Бұл шарада әңгіменің моральдық мәні 5-сынып оқушылары үшін қызықты және пайдалы болды .
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Жамбаева Алия Отарбайқызы 1-сыныпта «Менің туған жерім» тақырыбында ашық сабақ көрсетті, онда мұғалім ойын технологияларын, түрлі-түсті иллюстрацияларды, қозғалыс физминуткаларын қолданды. Оқушылар сабақта барлық тапсырмаларды дұрыс және белсенді қатыса орындады, сабақтың соңында суреттер арқылы өздерінің кіші Отаны , Қазақстан туралы ауызша айта алды. Сабақта мұғалім сөйлеу, тыңдау, жазу сияқты сөйлеу әрекеттерін сәтті қолданды.
Онкүндік аясында 9-сынып оқушылары "Тіл – ұлттың жаны" тақырыбында челлендж өткізді, ұлы адамдар мен ағартушылардың қазақ тілі және жалпы тіл туралы дәйексөздерін, нақыл сөздерін оқыды, сөйтіп мемлекеттік тіл – бұл олардың болашағының тілі деген ортақ қорытындыға келді.
5-сыныпта "Аспан денелері" тақырыбында ашық сабақ қызықты және танымды өтті, сабақты өткізген Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Сыздыкова Зарина Курмангалиевна. Оқушылар "Айсұлу мен Күнсұлу" қазақ ертегісін тыңдап, мұғаліммен бірге шағын талдау жүргізді, ғарышкерлер туралы өте қызықты ақпаратты өз бетінше дайындап келді, тақырып бойынша жаңа сөздермен танысты, рөлдерге бөлініп аспан денелері туралы мәтін оқыды, күндізгі және түнгі аспанның айырмашылықтарын тапты, белсенді жұмыс істеді және сабаққа қызығушылықтарын танытты. Мұғалім АКТ, тыңдау әрекетін, рөлдік ойындарды, сөйлеу әректінің сөйлеу, оқу және жазу түрлерін , ребустарды, сергіту сәтін орынды қолданды. Сабақ мазмұнды және жемісті болды.
1 және дайындық сынып оқушылары «Тәуелсіздікке 30 жыл» атты суреттер көрмесіне қатысты. Суреттер көркем және түрлі-түсті болды,
балалар ел, отан, туған ауыл тәуелсіздігі туралы өз көзқарастарын салып көрсетуге тырысты. Көрме «Біз сурет саламыз» стендіне орналастырылды.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Кажмуратова Ажар Сансызбаевна 2-сыныпта «Ақ лағым бар» тақырыбында ашық сабақ көрсетті. Сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өтті, интерактивті тақта, иллюстрациялар, ойындар, сөйлеу, жазу құралдары қолданылды. Оқушылар тақырып бойынша жақсы білімдерін көрсетті, мұғалімді түсіне біледі, сабақта белсенді жұмыс істеді, қызығушылықтары байқалды.
Қазақ тілі апталығын өткізу барысында мектеп сайтына және әлеуметтік желілерге өткізілген әрбір іс-шара бойынша материалдар мен ақпарат ұсынылды.