"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Шуйскі ОМ базасындағы кешкі мектеп тыңдаушылары арасында өткен «Ел жүрегі - Астана» атты қазақ тілін білу сайысы.

06.03.2018

Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске

асыру аясында Шуйскі орта мектебі базасында 2016 жылдың  қараша айынан  бастап ересек өзге ұлт өкілдері үшін

мемлекеттік тілді үйрену бойынша кешкі мектептің жұмысы ұйымдастырылды.

     Осы курстың тыңдаушылары қазақ тілінен білімдерін көрсету мақсатында, еліміздің астанасының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана»  атты сайысына  қатысуға бел буды. Сайысқа қатысушылар бар ынтасымен дайындық жұмыстарын жүргезе бастады. Сайыс 2018 жылдың 1 наурызында өтті. 

     Іс-шараны өткізу барысында жарыс рухы мен тілді білу деңгейін арттыру ықылас сезімдері, құштарлық пен қызығушылық сезілді, тек қана мемлекеттік тілде сөйледі. Қатысушылар қазақтың ұлттық киімдерін киіп

келді.

   Сайысқа екі команда түсті, олар қазақ тілінен білімдерін қолдана білуде жарысты.  Бірінші тапсырма команда капитандарына арналған: қазылар алқасына өзін және команданың әр мүшесін таныстырып өту, олардың мамндығы, отбасы, немен айналысатындары туралы айтып, өзінің шешендік шеберлігін көрсете білу.  Капитандар

командасы туралы жатталған мәтінмен айтпай, өз сөздерімен,  әр сөзді және сөз тіркесін ойластырып, орынды

қолданып, сөйлемдерді дұрыс және сауатты құрастырып, қазақ тіліне деген тән дыбыстардың  дұрыс айтылуына көңіл бөліп, тапсырманы орындауға тырысты.  Бұл кезеңде  сәттілікке жетті.  

    Келесі тапсырмаларды орындау барысында мәтінмен жұмыс істеу, сөйлемдерді түсіну және құру,  сауатты жазу, сұрақтарға жауап беру , жұмбақтарды шешу және ұлттық ойындарды ойнау білімдерін көрсете алды.          

  Сайыстың соңында үйде дайындап келген «Астана қаласы бойынша экскурсия» тапсырмасын көрсетті. Әр команда дайындығын шығармашылықпен және қызығушылықпен  жүргізді, ұлттық музыка  сүйемелдеуімен слайдтар арқылы презентацияларын жасап, экскурсия  көрінісін сахналады. Команданың экскурсия жүргізушілері  қаланың құрылған тарихы жайында,  тың игерудің астанасы туралы, Астана қаласы қалай тәуелсіз елдің жүрегі болғаны туралы, өткен халықаралық «Expo-2017» көрмесі туралы қызықты әңгіме құрды. Сонымен қатар қаланың сұлулығы мен өзіндік

сәулетін тыс қалдырмай, қазіргі қаланың көрікті жерлерін слайдта көрсетіп,  таңданасын және мақтанышын, сүйікті

астанасына деген сүйіспеншіліктерін  жасырмай білдірді.  Соңында Астана туралы әдемі және сондай  жүрекке жылы әнін барлығы бірге орындады, кейін «Достық» командасы қазақтың қонақжай ақ дастарханына қонақ болуға  шақырды, бесбармақ, бауырсақ, айран тағы басқа тағамдарынан дәм татқызды.  Көңілі толған , бірақ сонда да қатаң болған қазылар алқасына, мүшелері қазақ тілі мұғалімдері мен Макеевка ауыл округінің әкімі,  командалардың жұмысын бағалауға қиындыққа түсті, себебі қатысушылар үлкен белсендігін, жақсы эрудициясын,

табандылығын, ең бастысы мемлекеттік тілді үйренуге деген  зор қызығушылықтырын білдіріп, тілді жақсы

меңгерген деңгейін көрсете білді. Қазылар алқасы сайыстың қорытындысын жасап, жеңімпаздарды марапаттады. Сайысқа қатысушылардың барлығына  жеңімпаз атағын беруге болады, өйткені олар өзіне де , басқаларға да қалауын зор болса, өзге тілді үйреніп меңгеруге соншалықты қиын еместігіне көз жеткізді. 

    Басқа халықтың тілін меңгеруге ұмтылу және ниет білдіру – бұл  адамның  рухани байлығының көрсеткіші, сол байлыққа Шуйскі орта мектебінің ұстаздары ие болып отыр.   Осы мектепте үш жыл бойы еңбек етіп келемін,  байқағаным, бұл  Білім  ордасының қабырғасында   достық пен келісім, түсіністік пен қолдау орнаған. Осындай қасиеттеріне бай ұстаздар ғана  патриотты және Қазақстанның лайықты азаматын тәрбиелей алады деген сенім білдіремін.

       Сайыс қатысушыларына мемлекеттік тілін үйренуде  жауапкершіліктерін білдірген үшін алғысымды айтамын, сонымен қатар оларға сәттілік тілей отырып, ұлы қазақ халқының тілін  жетік деңгейде меңгеруге қол жеткізуге тілектеспін.

Просмотров: 479


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст