Текст
13.03.2024
2024 жылдың 12 наурызында Дүниежүзілік туберкулезге қарсы күрес күніне орайластырылған туберкулезге қарсы айлығы аясында Шуйский ауылының ЖББ мектебінде 3,10 сынып оқушылары "Туберкулездің алдын алу" тақырыбында диктант жазды. Бұл іс — шараны өткізудің негізгі мақсаты - жұртшылықтың назарын осы мәселеге аудару және оқушыларға туберкулездің алдын алу, осы аурудың ерекше белгілері, жұқтыруы жолдары және осы инфекциямен күресу шаралары туралы ақпаратты қолжетімді түрде жеткізу.
