Текст
Қазақстан халқы тілдері күніне арналған онкүндік жоспарына сәйкес Шуйский ауылының ЖББ мектебінде «Тіл-достықтың кілті» тақырыбында қазақ тілінде эссе байқауы өтті. Байқауға 8-10 сынып оқушылары қатысты. Қазақстан – халқы тату-тәтті және келісімде тұратын көпұлтты ел. Балалар өз шығармаларында Қазақстан халқының бірлігінің негізі ретінде әртүрлі ұлт өкілдерінің достығы туралы ой қозғады. Достықтың ең жақсы дәнекершісі - Тіл және бір-біріне деген құрмет екені туралы пікірлерімен бөлісті. Конкурс қорытындысы бойынша марапаттау онкүндіктің жабылуында өтеді.