Текст
2024 жылғы 5 наурызда Атбасар ауданы бойынша білім бөлімінің басшысы Н.Наймушина мектепке дейінгі, орта және қосымша білім беру ұйымдарының бірінші басшыларымен педагогтерді аттестаттау қағидаларының жобасындағы өзгерістерді түсіндіру бойынша кеңес өткізді. Кеңеске білім министрлігінің өкілі - М. Тоқашева және "Өрлеу" Ақмола облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының директоры А. Иманова қатысып, аттестаттаудың жаңа ережелері туралы сұрақтарға жауап берді.