"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

«Елімнің рәміздері – тәуелсіздіктің белгісі» атты Мемлекеттік әнұранын үздік орындау байқауы

15.02.2017

Әнұран -  халқымыздың рухын, мұңы мен болашаққа үмітін жеткізетін құнды белгінің бірі. 

Әнұран – еліміздің өзіндік бет бейнесін айқындайтын ерекше символы. Бүгінгі күні барлық елдердің өз әнұраны бар.

  Мектепте 14 ақпанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне деген құрмет және қазақстандық патриотизмды тәрбиелеу мақсатында мектепішілік Мемлекеттік әнұранын үздік орындау байқауы өтті. Байқауға 2-11 сынып оқушылары қатысты. Әр сыныптың оқушылары ҚР Мемлекеттік әнұранын орындады.

Қатысушыларды бағалау және қорытынды шешім қабылдау әділ қазылар алқасына жүктелді, оның құрамына мектеп директоры Волкова Н.Н., қазақ тілі мұғалімі Жамбаева А.О., ағылшын тілі мұғалімі Ахметова Ж.Б. кірді. Байқаудың шарты бойынша бағалау келесі критерийлермен жүргізілді:

1.   Әнұранның мітінін білу

2.   Сахналық мәдениет

3.   Орындаушылардың сыртқы түрі.

    Байқау аяқталған соң  нәтижелері жарияланды. Мемлекеттік әнұранды үздік орындаған үшін 3,6 және 8 сынып оқушылары грамоталармен марапатталды.  Марапаттаудан кейін мектептің педагогикалық ұжымы ҚР әнұранын орындады.

Просмотров: 714


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст