"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Халықаралық 8 наурыз күні

14.03.2017

    Сегізінші наурыз күні  – көктемнің ең көрікті де қуанышты мезгілі, алғашқы мерекесі . Бұл күні алты құрлық нәзік жандыларды  төл мерекесімен құттықтап, оларға игі тілектер айтылады.

     Мейрамның қарсаңында  мектептің фойесінде  мерекелік әуендер шығып, ал ұлдар қолдарына гүлдерін ұстап мұғалімдерін, оқушы қыздарды  және әйел қызметкерлерін қарсы алды.  Бұл күні барлығын көктемдік көңіл-күй , күлкі мен гүлдер біріктірді!  

Мектептің акт залында мерекелік концерт көрсетілді.     Әр сыныптың  ұл балаларымен дайындалған  концерттік нөмірлері  көңілді, музыкалы, мерекелі  болды.   

Олардың көрсеткен өнерлері аналарына, әжелеріне, мұғалімдері мен сыныптас қыздарына арналған болды.   

    Концерттің ең кішкентай  қатысушылары мектепалды дайындық сынып оқушылары «Мамочка, милая, мама моя»  әнін орындады.  Ал бірінші сынып оқушылары  «Песенка мамонтенка» өлеңін айтты.  2-4 сынып қыздарының  бишілер тобы  гүлдер биін биледі.  Ана туралы «Мама, без ума тебя люблю я»  деген әдемі және лирикалық әнін қыздар хоры  орындады. Ал 6 сыныптың ұлдары «Мама» деген әнін орындағанынан көрермендер риза болып қалды.  

Әндерін аяқтағаннан кейін  ұлдар залда отырған өз анасына гүлдерін сыйлады. 4 сынып оқушылары  «Көмекші» 

тақпағына сахналау  көрсетті. 3 сынып оқушылары әжелеріне құттықтау ретінде  «Поцелую бабушку в розовые щечки»    әнін сыйға тартты.  Ал «Әжесі мен немересі» атты қойылым  көрермендердің  көңілдерінен шықты, басты рөлдерін Томчик Дмитрий және Садвокасов Руслан орындады. 

6 сынып оқушысы Қалабаева Мадина «За розовым морем»   әнін орындады.  Гладченко Д., Сейткалинов С., Гейн Владимир   триосы  мектептің барлық қыздарына «Бақыт» әнін сыйлады.  Ал мерекелік концертті  7-9 сынып

ұлдары  флешмоб көрсетіп аяқтады. Сол күні барлықтары қуанышты жағымды сезімдерге бөленді.   Көрермендер әр орындаушыны ду қол шапалақпен қарсы алып отырды. Бұл күні оқылған өлеңдер мен орындалған әндердің бәрі

қымбатты әйелдерге арналған болды!

Құтты болсын аналардың мейрамы! 
Жарқыраңдар, жаз күніндей жайдары! 
Мерекесі бұл көктемнің алғашқы, 
Бақыт берсін әр көктемнің айлары!

8 Наурыз қуанышқа бөлесін! 
Әкелсінші жаздың жылы елесін! 
Барлық халық аман болып елімде 
8 Наурызға жете берісін келесі!

Просмотров: 515


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст