Текст
7 наурызда «Қарлығаш» шағын орталығында 8 Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шара өткізілді. Бұл шараға шағын орталығының тәрбиеленушілері қатысты. Іс-шара жүргізушілердің құттықтау сөздерімен
басталды, бүлдіршіндер аналарына арнап тақпақ оқыды, ән айтты, би биледі, аналары және әжелерімен бірге қуана ойындарға қатысып ойнады. Ата-аналар өз балаларының шығармашылығын мақтанышпен бақылап, көңілдері толып толғап отырды. Мерекенің соңында балалар аналары мен әжелеріне өз қолдарымен жасаған ашық хаттарын сыйға тартты.