Қазақстан халықтарының бірлігі күнін мерекелеу қарсаңында мектепте Қазақстан халықтарының достығы фестивалі өтті. Әр сынып оқушылары таңдаған бір ұлттың салт- дәстүрімен, ұлттық тағамдарымен таныстырды. Әр ұлттың өкілдері болып, олар сол халықтың атынан сәлемдесіп, ұлттық тағамдарын ұсынып, би билеп ән шырқады. Іс-шара барысында балалар өз шығармашылық қабілеттерін көрсете білді. Әрбір ұлттың таныстыруы жарқын, әсерлі және қызықты болып өтті. Халықтар достығының фестивалі қазақ жері жүзі басқа болса да, жүрегі бір, тілі басқа болса да, тілегі бір, атасы басқа болса да, Отаны бір қаншама ұлттар мен ұлыстарды біріктіріп отырғанын, сол бірлікті сақтап қалудың маңыздылығын көрсетті. Көп ұлт өкілдері тұратын ел болуымыз – Қазақстанның байлығы, мақтанышы. Біздің еліміз үшін халық бірлігі саяси және рухани жағынан ең басты ұлттық идеясы болған және үнемі болады да.Бұл біздің өткенімізді, бүгініміз бен болашағымызды байланыстыратын тарихи негізі болып табылады.