5 мамырда мектепте Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 72 жылдығына және Отан қорғаушылар күніне арналған «бір минут үнсіздікпен» салтанатты митинг өтті.
Мектептің алдында қолдарына гүлдер мен шарларын ұстап, 1 сыныптан бастап 11 сынып оқушыларына дейін сапқа тұрды.
Митинг «Журавли» әнінің үнімен ашылды. Мектептің оқу ісінің меңгерушісі Папинигис Инна Владимировна барлықтарын келе жатқан мейрамдармен құттықтап, қаза тапқан батырларымыздың ерлігін мәңгі есте сақтауға шақырды.
Мектеп оқушылары тақпақ айтты, 8 сынып оқушысы Овчинникова Александрина «Помни» әнін орындады.
Сонымен бірге митинг барысында «Мәңгілік полк» акциясы өткізілді. ҰОС ардагерлерінің немерелері мен шөберелері өз аталары мен бабаларының портреттерін ерекше мақтаныш сезімімен қолдарына ұстап өтті. Митинг қатысушылары қаза тапқан батырларды бір минут үнсіздікпен еске алды.
Ұлы жеңістің бізге оңайлықпен келмегені анық. Бүгінгі бейбіт өмір үшін, елін, жерін жаудан қорғау үшін қаншама батырларымыз ептіліктерін, асқан батырлығы мен батылдығын, ерлігін көрсетіп, өз өмірін тапсырды.
Әлемді фашизмнен құтқару үшін, тәуелсіздік пен бостандық үшін,елі мен жері үшін майдан даласында мерт болған
жауынгелердің рухына тағзым етіп, көзі тірі Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне құрмет көрсету – бүгінгі ұрпақтың басты міндеті.
Барлық митинг қатысушыларына алғыс айтамыз!