Текст
18 мамырда біздің мектепте 8-11 сынып оқушыларымен діни экстремизм туралы әңгіме өткізілді. Әңгімені Атбасар ауданының ішкі саясат бөлімінің өкілі Шахаров М.Ж. өткізді. Кездесу жақсы деңгейде өтті, оқушылар пікірталасқа белсене араласып отырды. Оқушылардың назарына «Біз соғысқа қарсымыз!» бейнеролигі ұсынылды, онда біздің еліміздің жерінде жасалған лаңкестік әрекеттер туралы айтылған. Кездесу қатысушылары деструктивті ұйымдар туралы қосымша ақпараттармен таныстырылды.