Текст
13 ақпанда бастауыш сыныптарда "Отпен абай бол" атты тақырыптық әңгімелесулер өтті. Сынып жетекшілері өрт шыққан кезде қандай әрекет ету керектігін айтып, алғашқы өрт сөндіру құралдарымен таныстырды. Сондай-ақ, балалармен өрт қауіпсіздігі белгілері, өрт болған жағдайда эвакуациялауға қалай көмектесетіні туралы әңгімелесті. Төтенше жағдайлар қызметінің нөмірлері туралы айтылды, бұл нөмірлер бойынша жалған қоңырау үшін әкімшілік жауапкершілік пен құқық қорғау органдарында есепке қойлатыны да назардан тыс қалмады.