26 қаңтарда Шуйский ауылының ЖББ мектебі жанындағы "Ұрпақ" отбасылық клубының жұмыс жоспары аясында біздің мектептің 5 отбасы арасында "Кулинарлық жекпе-жек" атты іс-шара өтті. Отбасылар аспаздық білімімен, сондай-ақ әртүрлі тағамдарды дұрыс дайындау жайындағы білімдерімен жарысқа түсті. Сонымен қатар, жекпе-жек кезінде олар өздерінің шеберліктерін әдемі және ерекше дастархан жайып, ерекше бутербродтар жасау шеберлігін де көрсетті. Іс-шарада жылы атмосфера орнады . Әр отбасы өзінің ең жақсы қасиеттерін көрсете алды: ептілік, қиял, тамақ дайындау және командада жұмыс істеу.
Жекпе-жек дипломдар мен естелік сыйлықтармен аяқталды. Жеңілгендер жоқ: барлық қатысушылар жеңімпаз болды және бұл байқау дәстүрлі болады деп үміттенеміз.
Отбасыларды құттықтаймыз! Жанкүйерлер мен ата-аналарымызға "Кулинарлық жекпе-жекте" көмектескені және қатысқаны үшін алғыс айтамыз!