Текст
13 қаңтар күні ағылшын тілі апталығы аясында 10-11 сынып оқушылары үшін " JEORARDY GAME – do YOU know the WORLD of ENGLISH?" атты іс-шара өтті. Осы шара барысында оқушылар ынта мен жоғары белсенділік танытып, тәртіп пен жеке қызығушылықтарын көрсетті.Сыныптан тыс іс-шарада іскерлік және сонымен бірге достық қарым-қатынас пен қызығушылық атмосферасы орнады. Психологиялық климат мұғалім мен оқушылардың алға қойған мақсаттарына жету үшін қолайлы және жемісті ынтымақтастығына ықпал етті.
Оқушылар іс-шараны қызықты және танымдық деп бағалады. Іс-шараның ең жағымды бөліктерінің бірі Жеңімпаздарды жариялау және командаларды марапаттау болды.