Текст
15 желтоқсанда Б.Құрманқұлов атындағы спорт кешенінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған жоспар аясында "Көңілді старттар" спорттық іс-шарасы өткізілді.
Спорттық мерекеге үш команда белсенді қатысты:
- ата-аналар тобы;
- мұғалімдер тобы;
- студенттер тобы.
Бұл жарыстарда бәсекелестердің жасы да, физикалық дайындығы да маңызды емес болды. Қатысудың негізгі шарты- салауатты өмір салтын ұстану немесе олардың қатарына қосылуға дайын болу. Командалар финишке қандай нәтижелермен келеді- бұл тек олардың бірлігі мен ұйымшылдығына байланысты.