Текст
Рационалды тамақтану – адам денсаулығына жауап беретін негізгі факторлардың бірі. Мектеп жасындағы балалар үшін бұл осы кезеңдегі өсу мен даму ерекшеліктеріне, сондай-ақ қарқынды оқу жүктемесіне байланысты ерекше маңызға ие. Білім алушыларды ұтымды тамақтандыруды ұйымдастыру, олардың денсаулығы мен мектепте оқудың тиімділігін қолдаудың негізгі факторларының бірі болып табылады.