Текст
11 қарашада "Отбасы және бала тәрбиесі" тақырыбында ата-аналар жиналысы өткізіліп, оған мектептің ата-аналары мен педагогтары қатысты. Отбасылық тәрбиенің ерекшеліктері туралы презентацияны директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары ұсынды. Отбасылық жағдайларды талқылау барысында, ата-аналар балаларымен болатын жанжалдарды шешу жолдарын әзірледі. Жиналыста тәрбиенің қателіктері атап көрсетіліп, отбасындағы қарым-қатынасты жақсарту бойынша ұсыныстар берілді.