9 қарашада Шуйский а. ЖББМ-де "Интернет желісіндегі қауіпсіздік" тақырыбында сынып сағаттары өтті. Сынып жетекшілері қызықты презентациялар дайындады, Интернеттегі қауіпсіздікке байланысты техникалық аспектілерді қарастырды, жадынамаларды зерттеді. Балалар компьютерлік (ойын) тәуелділіктен қалай аулақ болу керектігін қызығушылықпен талқылады,бүгінгі таңда кибер-буллинг (интернет-қорқыту) мәселесі өзекті. Балалар сынып сағатында негізгі ережені меңгергендерін, Интернетке жеке ақпаратты, аты-жөнін, жасын, ұялы телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, үй мекенжайын орналастырмайтындықтарын айтты. Сондай-ақ, олар бейтаныс адамдар жіберген файлдарды ашуға болмайтындығын айтты, өйткені оларда вирустар немесе "агрессивті" мазмұны бар фотосуреттер мен бейнелер болуы мүмкін. Желілік этикет ережелерін сақтау қажеттілігі туралы білдік деді балалар.