Қазақ тілі - көп қырлы, бай және әдемі тіл! Оны ләззат ала, сүйсіне үйренуге болады. "Қазақстан-2030" стратегиясы бағдарламасына сәйкес әрбір қазақстандық мемлекеттік тілде сөйлеуі тиіс. Сондықтан бүгін елімізде балабақшадан бастап мемлекеттік тілді үйренуге үлкен көңіл бөлінеді.
Ағымдағы жылдың 20 ақпанында "Рухани жаңғыру" бағдарламасының бабын дамыту мақсатында Шуйскі орта мектебі жанындағы "Қарлығаш" шағын орталығының тәрбиеленушілері арасында "Балғын шақ" байқауы өткізілді, оның мақсаты Қазақстан Республикасының тіл саясатын жүзеге асыру және тіл мәдениетін дамыту болып табылады.
Қазақ тілі мұғалімі Жамбаева А. О. мемлекеттік тілді білу конкурсын өткізуге дайындықты бірнеше апта бұрын бастады, бұл дайындыққа тәрбиеші Шабанова Ирина Фариковна және тәрбиеленушілердің ата-аналары белсене қатысты. Зал әсем безендірілді, балаларға ұлттық киімдер дайындалды, қатысушыларының отбасылық және жеке фотосуреттері бар "Мен бақытты баламын" тақырыбына, сондай-ақ, "Менің Отаным - Қазақстан" атты жылжымалы стендтер ресімделді. Қазылар алқасының құрамы бекітілді.
Байқауға 4 тәрбиеленуші қатысты: Паршина Алиана, Пелих Ангелина, Миллер Арсений және Шадрина Кира. "Мен бақытты баламын" тақырыбы бойынша 1 тапсырмада балалар отбасылық фотосуреттерді көрсете отырып , өзі және отбасы, бақытты балалық шақ туралы әңгімеледі. "Ойдың көркі – тіл, тілдің көркі - сөз "атты екінші тапсырмада Отан, туған өлке, Астана туралы және ҚР Мемлекеттік рәміздері туралы өлеңдерді қазақ тілінде мәнерлеп оқыды. Үшінші тапсырма – шығармашылық сайысы ең әсем және жарқын болды, онда қыздар қолдарына алма ұстап, қазақ ұлттық биін биледі.
Қазылар алқасына жеңімпазды анықтау қиынға түсті, олар ата-аналар мен балалардың конкурсқа жақсы дайындығын атап өтті, ал ең бастысы – мемлекеттік тілді үйренуге деген қызығушылықтың артуы байқалды деп белгіледі. Бірінші орынға Шадрина Кира ие болды, екінші орынға Миллер Арсений мен Паршина Алиана, 3 орынға Пелих Ангелина ие болды. Жеңімпаздар грамоталармен марапатталды.
Байқауды дайындап өткізген қазақ тілі мұғалімі ретінде көмек көрсеткен орта топ тәрбиешісі Шабанова Ирина Фариковнаға және байқауға қатысушылардың ата-аналарына үлкен алғысымды білдіргім келеді.
Қазақ тілі біздің көпұлтты Отанымыздың барлық халықтары үшін тілдесу тіліне айналғанына қуаныштымын. Біздің еліміз гүлденіп, әрдайым біздің республикамызда бейбітшілік пен тыныштық болуын, ал балалар бақытты болуын тілеймін!
Қазақ тілі мұғалімі Жамбаева А.О.