"Ақмола облысы білім басқармасының Атбасар ауданы бойынша білім бөлімі Шуйский ауылының жалпы орта білім беретін мектебі"КММ    
КГУ "Общеобразовательная школа села Шуйское отдела образования по Атбасарскому району управления образования Акмолинской области"

СоцСети

 

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ауғанстан! Ағаларым жаралған ерлік, рухтан, Оққа ұшып, отқа күйіп, ел қорғаған...

18.02.2019

Дәл 30 жыл бұрын, 1989 жылдың 15 ақпанында Ауған соғысы аяқталды.

    10 жыл бойы жалғасқан, ол біздің тарихымыздың қайғылы бетіне айналды. Бұл соғыс қанша жауынгер өмірін алып кеткен, талай боздақты қыршынынан қиып, ананы жесір, сәбиді жетім еткен қанды шайқастарға толы ешқашанда ұмытылмақ емес.  620 000 солдаттар мен офицерлердің 15 051-і қаза болды, 53 753-і жараланды.

    Бұл соғыс Шуйское ауылын да айналып кеткен жоқ. Біздің мектептің үш түлегі: Лозовой Юрий, Мальцев Николай және Невенчаный Сергей-осы соғыстан  өтті. Оларды  тағдыр сақтап қалды - олар үйге тірі оралды. Төртінші ауғандық - Матус Василий – біздің ауылға Ауғанды өтіп Молдавиядан келді, бірақ, өкінішке орай, ұзақ өмір сүрген жоқ: соғыс жаңғырығы өзін білдіре білді... Ауылда оның әйелі, екі баласы қалды.

   Мектепте, Ауыл тарихы мұражайындағы  Жауынгерлік Даңқ залында Ауған соғысында болған, сондай-ақ Ауғанстанда қаза тапқан Атбасар ауданының интернационалист-жауынгерлеріне арналған стенд безендірілді: Муха С.И., Марченко А.А., Осадчий П.И., Зарипов Р.К.  Бұл біздің балалар үшін, болашақ Отан қорғаушыларымызға, батылдық пен патриотизмге үйренетін орын .

  Жыл сайын Ауғанстаннан әскерлерді шығаруға арналған еске алу күндері өтеді, сыныптан тыс іс-шаралар, оқушылар арасында әскери-спорттық турнирлер өткізіледі.

  Осы жылы атаулы күнге орай Еске алу кеші өткізілді,оған 7-11 сынып оқушылары, мектеп мұғалімдері қатысты. Қонақтар арасында Макеевка ауылдық округінің әкімі Токжуманова Әлия Қайратқызы, АМҮ кітапханашысы Гузенко Любовь Накиповна, педагогикалық еңбек ардагерлері болды.  Ауған соғысына қатысушылардың құрметіне Мәңгілік алау жағылды. Тарих пәнінің мұғалімі А. В. Анисимов слайдтарды пайдалана отырып, қатысушыларды тарихи оқиғамен таныстырып, біздің сарбаздарымыздың соғыс кезіндегі маңызы мен батырлығы туралы айтты. Оқушылар ауыл және ауданымыздың интернационалист-жауынгерлері  туралы айтып, өлеңдер оқыды (Томчик Д., Дюбкин Ю., Марашлец Е., Невенчаная И., Халимончик Е., Старцев М., Эргарт А., Вебер Д.), гитарамен Ауған туралы ән шырқады.  (Садвокасов Р.)  "PATRIOT" әскери-патриоттық клубының жас сарбаздары Калашников автоматын жинау мен бөлшектеуді, сондай-ақ,  АК жабдықтарын көрсетті.

   Осы кеште 10 сынып оқушысы Руслан Садвокасовқа салтанатты түрде тіркеу куәлігі табыс етілді.

   Іс-шара барысында мектеп мұражайынан алынған материалдар, сондай-ақ интернеттен алынған фото және бейнематериалдар қолданылды. Еліне, туған жеріне оралмай, жат жердің топырағы бұйырған ерлерді 1 минут үнсіздікпен еске алды.  Бастауыш сынып және музыка мұғалімі О. Ю. Кочергина "Молитва" әнін орындады. Содан кейін еркін микрофон қосылды, онда қатысушылардың әрқайсысына соғыс туралы, жауынгерлер туралы, өткен іс-шара туралы өз ойлары мен сезімдерін айтуға мүмкіндік берілді.  Бұл кеш "Тихая застава" көркем фильмін көрсетумен аяқталды.   Өткенді еске алу... Еске алу - өткенді және болашақты байланыстырушы буын.

        Осындай іс-шаралар патриоттық рухты, жауынгер-интернационалистерді мақтан тұтуға, жоғары моральдық қасиеттер мен қағидаттарды қалыптастыруға, ел тарихына қызығушылық танытуға ықпал етеді. 

                                                                    АӘД оқытушысы Яндуткин Ю.

Просмотров: 561


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст