11 ақпан күні Шуйскі ауылдық Мәдениет үйінде Макеевка ауылдық округінің көркемөнерпаздар байқауы өтті.
Байқауға шағын орталықтың тәрбиеленушілері, мектеп оқушылары, педагогтар мен ауылдың әр түрлі ұйымдарының қызметкерлері қатысты. Ең жарқын және әсерлі болып мектеп ұжымы дайындаған байқаудың басталуы Пролог болды. Үлкен және көлемді жұмыс жасалғанын байқамауға болмайды: костюмдер тігілді, декорация дайындалды,сценарийге жазылған мәтіндер мемлекеттік және орыс тілдерінде дайындалды. Байқау жүргізушілерінің сөздері және сауатты таңдалған музыкалық композициялар жан-тәнімен алынып, адамның қиялын оятып, өз еліне деген мақтаныш сезіміне бөледі. Жарқын және мазмұнды кіріспе "Рухани жаңғыру" бағдарламасы , Жастар жылы және Ұлы даланың жеті қыры аясындағы тақырыптарын айқындады. Қысқа уақыт ішінде қатысушылар Қазақ хандығының қалыптасуынан бастап бүгінгі күнге дейін мемлекетіміздің дамуын көрсетті, сонымен қатар қазіргі жастардың роліне баса назар аудара отырып, еліміздің келешегіне сенім білдірді. Байқауға қатысушылар өздерінің туған жеріне,халқына және ел тарихына деген сүйіспеншілігін көрсетіп қана қоймай, нөмірлерінің жанрлық әртүрлілігін көрсете білді, олар бір-бірін үйлесімді толықтырып, тыңдаушыларға қуаныш пен таңдануды жеткізді. Қазақ халқының бойтұмары және баға жетпес жәдігер домбыраның үні де ерекше болды. Көрермендер байқауға қатысушылардың өнерін жоғары бағалады және ду қол шапалақпен алғыс білдірді.
Байқауға қатысқан оқушыларға, балалардың ата-аналарына және Шуйскі орта мектебінің ұжымына шығармашылық мерекесі үшін үлкен алғысымызды білдіреміз .
Қазақ тілі мұғалімі Жамбаева А.О.