Текст
03.11.2025
Шуйский ауылының жалпы білім беретін мектебінде «Адал еңбек – адал азамат» тақырыбында сынып сағаттары өтті. Іс-шаралар оқушылардың еңбекке деген құрметін және өз міндеттеріне жауапкершілікпен қарау қасиеттерін қалыптастыруға бағытталды.
Сонымен қатар «Қауіпсіздік сабақтары» аясында «Заң және менің құқықтарым» атты интерактивті сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылар азаматтардың негізгі құқықтары мен міндеттерімен танысып, өмірден алынған жағдайларды талқылады, танымдық ойындарға қатысты.
#АдалАзамат


