Текст
23 сәуірде біздің мектептің кітапханасында жыл сайын 23 сәуірде атап өтілетін Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне арналған ақпараттық сағат өткізілді.
Іс-шараның мақсаты - балалар мен жасөспірімдердің назарын білім көзі ретінде кітапқа аудару, ойлау мен қиял дағдыларын дамыту, сонымен қатар кітап оқудың әр адамның өміріндегі маңыздылығын еске түсіру.
Ақпараттық сағат барысында қатысушылар Дүниежүзілік кітап күнінің тарихы, оның мәні мен дәстүрлері туралы білді. Сондай-ақ, балалар әдеби шығармалар бойынша викторинаға қатысып, сұрақтарға белсенді жауап беріп, сүйікті кітаптарымен бөлісті.
#Ұлттықкітапкүні
#кітапхана
#23сәуір
#Кітапоқиық
#Кітапсарқылмасқазына
#Ақмолаоблысы