Текст
Бүгін бастауыш сынып оқушылары қызықты "Гольф" ойынын ойнады! Бұл ойында допты клюшка арқылы айналдырып жүргізу керек. Қарап отырсаң, сондай қиын емес сияқты, бірақ бұл шын мәнінде мұқият болуды, дәлдікті және аздап шыдамдылықты қажет етеді. Доптың "жолда" домалап, кейде күтпеген жерден бұрылып жатқанын көру қызықты болды !Гольф көздің өлшемін, дәлдігін және зейінін дамытуға көмектеседі. Сонымен қатар-адал ойнауға және басқа ойыншыларды құрметтеуге үйретеді.