23 желтоқсанда Атбасар ауданының оқушылары Көкшетау қаласында өткен Президенттік жаңа жылдық шыршаға шақырылды. Бұл күні балалар бірнеше мұражайларға барды: тарихи-өлкетану, М. Ғабдуллин мұражайы, әдебиет және өнер мұражайы. Ш.Құсайынов атындағы қазақ драма театрында "Бременские музыканты" ертегісінің қойылымы ұйымдастырылды. Ертегіні тамашалағаннан кейін балаларды мерекелік кешкі ас пен шеберлер қаласына экскурсия күтіп тұрды. Оның барысында балалар трафарет жасаумен, жаңа жылдық бас киімді безендірумен, 3D қаламмен сурет салумен және тағы басқа қызықты нәрселермен айналысты.
24 желтоқсанда "Bolashag sarayi "-нда басты жаңа жылдық мереке - Президенттік шырша өткізілді. Бағдарлама бойынша балалар түрлі ойындарға, билерге қатысты. Шырша мерекесінде әр түрлі кейіпкерлер болды: фиксиктер, мысық, Алтын адам, Джафар, жылан, панда, Жолбарыс, және басқа да кейіпкерлер. Барлығы жоғары деңгейде өтті - жарқын және қызықты.
Әлеуметтік педагог Е. А. Гриб