2024 жылғы 10-12 қараша аралығында Көкшетау қаласының Абай атындағы 3-ші облыстық мамандандырылған дарынды балаларға арналған мектеп-интернатының базасында Ақмола облысы білім басқармасының "Ақмола дарыны" дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығының ұйымдастыруымен 2-7 сынып оқушылары арасында "Зерде" республикалық зерттеу жобалары конкурсының облыстық кезеңі өткізілді. Байқаудың мақсаты-балалардың зерттеу іс-әрекетінің дағдыларын дамыту, кіші және орта жастағы оқушылардың зияткерлік-шығармашылық әлеуетін ынталандыру.
Конкурстың міндеттері: зерттеу жұмысына қызығушылық танытқан қабілетті және дарынды оқушыларды анықтау, оқушылардың үздік жетістіктерін бағалау және насихаттау, қоғамның зияткерлік әлеуетін дамыту проблемасына жұртшылықтың назарын аудару.
Байқаудың облыстық кезеңіне Атбасар ауданының 11 оқушысы қатысып, 9 зерттеу жобасын ұсынды. Аталған қатысушылардың арасында біздің мектептің оқушысы Тамила Садаокасова да болды, ол байқаудың аудандық кезеңінде 1 орынға ие болды және оның жобасы облыстық турға ұсынылды. Байқауға Ақмола облысының 17 ауданынан барлығы 156 оқушы қатысты. Тамила жобасын қорғауда лайықты өнер көрсетіп, жүлдегер атанды, 2 дәрежелі медальмен және дипломмен марапатталды. Тамила мен оның ғылыми жетекшісі Е.И.Федорованы жеңісімен құттықтаймыз және одан әрі табыс тілейміз.